ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АШЫЛҒАН 6 БАҒЫТ ТҰРҒЫНДАРҒА ТИІМДІМЕ?

17:24, 3 маусым 2021

Шымкентте жаңадан ашылған алты бағыт тұрғындарға қаншалықты тиімді? Ол қаланың шетінде орналасқан тұрғын алаптардың орталықпен байланысын жеңілдете ме? Қоғамдық көліктердің сапасы қандай?

Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары мемлекет басшысының халыққа қолайлы жағдай жасау тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Жоспар бойынша жыл соңына дейін мегаполистегі автобустардың 80 пайызы жаңартылады. Былтыр 590 жаңа автобус сатып алынып, оның 200 іске қосылған болатын. Бұл жолы тағыда заманауй қоғамдық көліктердің қатары артты.

Наурыз Сүгірәлиев – Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы

Жылдың соңына дейін 290 автобусты бағыттарға шығару жоспарда бар.

Бүгінге дейін, мегаполисте 71 бағыт болса, енді қосымша 6 бағытқа толығып, қоғамдық көліктердің саны 880 автобусқа жетті. Ендігі жерде жаңа автобустар Самал 3, Ақ жайық, Күншығыс, Хамза, Шымсити, Қайтпас 1 мөлтек аудандарына жүретін болады. Осылайша шалғайдағы тұрғындар орталыққа оңай жетеді. Жаңадан ашылған 5 бағыттың бірі 126-шы бағыт. Айналмалы маршрут қаланың ірі сауда орталықтарын біріктіреді. Жаңа автобустарға жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған.

Әбдібек Үкібайев -  «T-BUS» ЖШС директорының орынбасары

126 бағытқа ұзындығы 12 метрлік жаңа автобустар келді. Әкімдіктің тапсырмасына сәйкес сапаға мән беріп отырмыз.

Өткен айда Шымкент қаласында күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін метан газын толтыратын компрессорлық станция іске қосылған болатын. Алдағы уақытта күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарланған.

 

Ф. Ахмет К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...