ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ТИІМДІ

17:21, 6 мамыр 2021

Түркістан облысында банкет залдары мен мейрамханалар енді 50 пайыздан аспайтын сыйымдылықпен сағат 7:00-ден 2:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, бильярд, компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтары 12:00-ден 24:00-ге дейін қызмет көрсетсе, бассейн, спорт кешендері және фитнес орталықтардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Бұл туралы тиісті сала басшылары баспасөз брифингінде баяндады.

Мұндай жұмыс режиміне «Ashyq» қосымшасы жүйесіне енгізілген кәсіпкерлік нысандары ғана өтеді. «Вирустың таралу қаупін азайту мен карантиндік шаралар кезінде кәсіпкерлердің қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретін «Ashyq» жобасы сәуірдің 26-нан бастап, еліміздегі барлық өңірлерде жүзеге асырыла бастады. Жоба - кәсіпкерлік нысандардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік бермек.

Нұрбек Нышанов– Түркістан облысының  бас санитариялық дәрігері

Матрицалық бағалау көрсеткішіне қарай жасыл. Сары, қызыл талаптары бар. Өңір жасыл аймақта. Сондықтан банкет залдарға рұқсат беріледі.

 «Кез-келген азамат "Ashyq" мобильді қосымшасын «App Store» және «Play Market»-тен телефонына жүктеп алуы керек. Қосымшаға ЖСН нөмірі арқылы қосылып, өзі барған мекемедегі арнайы QR-кодты сканерлейді. Нәтижесінде оның жасыл, көк, сары немесе қызыл түстер арқылы клиенттің мәртебесі көрсетіледі.

Тимур Нақыпбеков – Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры

Бізге 100 ге жуық өтінім келіп түсті. Соның 35 кәсіпкерлік обьекті толық қанды енгізіліп отыр.

Өңірде екпе егу жұмыстарыда қызып тұр.  Вакцина салдыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Басқарма басшысының айтуынша дәрі қоры да жеткілікті.

Марат Пашимов - Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы 

Қазір вакцина жеткілікті. Салынатын адам қайсысын таңдаса соны саламыз. Дәрі-дәрмек қоры екі айға жеткілікті.

Облысқа ақпан айынан бастап «Спутник V» вакцинасының 141 700 дозасы жеткізілген. Бүгінгі күнге дейін – 140 565 адам 1-ші компонентпен вакцина қабылдады. Ал, отандық «QazVac» вакцинациясы мыңға жуық адамға егілген. Алдағы уақытта «Спутник-V» 185 мың доза және «QazVac» отандық вакцинасынан 752 мың доза қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...