ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

«Asia Trafo» ЖШС-і жылына 150 трансформатор шығаруға қауқарлы

15:10, 26 қаңтар 2022

«Alageum Electric» компаниясы құрамына кіретін «Asia Trafo» кәсіпорыны жылына жоғары кернеулі 150 трансформатор шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын кернеуі 110 кВ-дан 500 кВ-ға дейінгі автотрансформаторлар және күштік трансформаторлар, сонымен қатар реакторлар өнімін шығарады. 300-ге жуық - адамды жұмыспен қамтып отырған зауыт туралы келесі бейнематериалда.

Кәсіпорын отандық құрылыс материалдарын пайдаланады, тек зауыт ішіндегі арнайы қондырғылар ғана шет елден  келеді. Қазіргі уақытта зауытта өндірілген өнімдер ішкі нарыққа ғана емес, алыс-жақынды бірнеше елдерге экспортталады. Атап айтсақ, Ресей, Грузия, Армения, Тәжікстан, Өзбекстан елдері пайдалануда.  Бүкіл қондырғы еуропалық стандарттарға сәйкес. Барлығы автоматтандырылған.

Дарын Сыздық-инженер-сынақшы

Мен ОҚУ бітіріп, осында жұмысқа орналастым. Сынақшымын..,

Жасыратыны жоқ, маман тапшылығы бар. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жүйелі жоспарлар қолға алынған.

Омар Асанов-«Asia Trafo» ЖШС-нің директоры

Айта кетейік, зауыттың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі мол.  Өңір және ел экономикасына салық түсімдері жоғары. Зауытта шығарылған өнімнің 50 пайызы Қазақстан нарығындағы сұранысты қамтамасыз етіп, елу пайызын шет елге шығаруды жоспарлап отыр.

 

Г. Оңласбекова                       

Тақырып бойынша материалдар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:35, 24 маусым 2022
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
13:58, 20 маусым 2022
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
Толығырақ...
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
13:49, 22 маусым 2022
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
Толығырақ...