ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АСЫРАУШЫСЫНАН АЙРЫЛҒАН 70 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

13:22, 5 мамыр 2021

Шымкентте асыраушысынан айрылған 70 отбасына көмек көрсетілді. Қасиетті айда жасалған қайырымды іске Кувейт елінің елшілігі мұрындық болуда. Сондай-ақ, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы әлеуметтік аз қамтылған жанұяларғада жәрдем беріп, қолдан келген көмектерін аянып қалмады.

Венера Сапарбекова 3 баланың анасы. Отағасынан қапыда көз жазып қалған отбасының,  жалғыз асыраушысы көз жұмғалы бері жағдайлары тым төмендеп кеткен көрінеді.  Еңбекке жарамсыз отанасының жанынан бүгінде жаны жомарт жандар табылып жүр.

Венера Сапарбекова – Шымкент қаласының тұрғыны

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген Кувейт елінің елшілігі мен «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қоры,  бірлігі  жарасқан елдің  әдемі үлгісін көрсете білді. Мақсаттары мен мүдделері бір жерде түйіскен олардың көмегімен, асыраушысынан айрылған шымкенттік 70 отбасы бір айлық азық-түлікпен қамтылды. Ұн, май, шәй, макарон өнімдері, күріш, құрма салынған себеттерді елшілік өкілдері Түркістан, Жамбыл облыстарының жағдайы төмен жанұяларына тартатуды  жоспарлап отыр екен. 

Кэмран Юнус – Азия мұсылмандар комитеті төрағасының көмекшісі

Қазіргі таңда қалада асыраушысынан айрылған 136 ана мен жалғызбасты 2 әке  тұрады екен. Олардың бәріне де мың айдан да қайырлы Рамазан айында көмек көрсетілуде. Дәстүрге айналған шара Қасиетті Құрбан айт мейрамында да жалғасын таппақ.

Асхат Таубаев – «Ізгілікте жарысайық!» қайрымдылық қорының өкілі

Кувейт елінің елшілігі арқылы шаһарымызда мыңдаған қайырымдылық жобалары жүзеге асыg келеді. Елшілік өкілдері әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға  көмек қолдарын созумен қатар, емхана, көпір, мешіт салу ісімен айналысып, елдің мұқтаждығын өтеп жүрген жайлары да бар.   

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...