ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

АТАҚТЫ МҮСІНШІ «ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОР» АТАНДЫ

13:27, 24 мамыр 2022

Тасқа тіл бітірген мүсінші Тілеуберді Бинаш Академик Ә. Қуатбеков атындағы ХДУ-нің «Құрметті профессоры» атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, еліміздегі еңселі ескерткіштерде қолтаңбасы бар шебердің шығармашылығына бас иген оқу ордасы автормен кездесу ұйымдастырып, жастар сырлы сұхбат құрды.

Өнерлінің  - өрісі кең демей ме, атам қазақ. Қазақстан көркемсурет академиясының академигі, Ресей көркемсурет академиясының құрметті мүшесі, “Құрмет” орденінің иегері Тілеуберді Мелдешұлымен болған кездесуге келгендердің қарасы қалың. Университет басшылығының шақыртуымен келген мүсінші профессор, оқытушылармен бірлесе отырып, студенттермен сұрақ-жауап алмасты. Білім ордасының ректоры Рабиға Қуатбекова таудай талабымен талай тұлғаның бейнесіне жан бітірген мүсіншінің еңбегі әркез жоғары бағалануы керек дейді.

Әз-Жәнібек, Әл-Фараби, Төле, Қазыбек, Әйтеке би, Керей хан, Махамбет пен Исатай, күш атасы Қажымұқан мен бұлбұл әнші Күләштің, Дінмұхамед Қонаев, Бауыржан Момышұлы сынды біртуар перзенттерінің бейнесін тас тұғырға сомдаған. Басқосуда тау тұлға өзінің өмір тарихы жайлы баяндап, студенттермен емен-жарқын әңгімелесті.

Әр мүсіннің өзіндік тарихы бар.  Тілеуберді Бинашев осы кеште студенттердің сұрауымен бірнеше туындысының қалай өмірге келгені жайлы айтты. Ал, әріптестерінің мүсінші туралы пікірі қандай?

Салтанатты жиынға сондай-ақ, мәдениет қайраткері Құралай Қалышқызы да қатысты. Тілеуберді Мелдешұлын өнердегі ұстазы санайтын ол еңбекті ескеріп, құрмет көрсеткен университет басшылығына алғыс білдірді. Шара соңында өнер қайраткері университеттің «Құрметті профессоры» атанды. Мүсіншіге құрмет көрсетіліп, қазақы дәстүрмен шапан жабылды.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАН ЗАҢ ТАЛАБЫН БҰЗҒАН
17:50, 12 тамыз 2022
ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАН ЗАҢ ТАЛАБЫН БҰЗҒАН
Толығырақ...
ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПАРАҚОРЛЫҚТАН САҚТАНДЫРАДЫ
17:47, 12 тамыз 2022
ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПАРАҚОРЛЫҚТАН САҚТАНДЫРАДЫ
Толығырақ...
ЕРІКТІЛЕР ЕРКІН ФОРМАТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
17:43, 12 тамыз 2022
ЕРІКТІЛЕР ЕРКІН ФОРМАТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
17:32, 8 тамыз 2022
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
Толығырақ...
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:07, 9 тамыз 2022
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШТЫҚ  ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
13:42, 9 тамыз 2022
САРЫАҒАШТЫҚ ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
Толығырақ...