ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

АТШАБАР ҚАЛА СЫРТЫНА КӨШІРІЛЕДІ

18:29, 19 қаңтар 2021

Ескіден жаңаға көшетін кез келді. Жыл бойына жыр болған ипподром қала сыртына көшірілмек. Осы тұрғыда Шымшаһарлық тұрғындар мен зиялы қауым өкілдері бұл шешімге қолдау білдіруде. Өйткені ескі нысанның орнына Ақылды қала тұрғын үй кешені тұрғызу жоспарда бар.

Соңғы кездері ешкім бара қоймайтын, елеусіз тұрған ипподромның жаңа қонысқа көшірілуі жағымды жаңалық болып отыр. Салынғанына 40 жыл толған атшабардың бүгінде әбден тозығы жеткен. Бұл тұрғыда зиялы қауым өкілдерінің де айтары бар.

Лұқпан Бәшенов – Зиялы қауым өкілі

Ал,Жеңісбек Мәуленқұловтың айтуынша, атшабарды көшіру оңды шешім. Бірақ зиялы қауым өкілі ипподромның атауы Асанбай Асқаров атында қалса екен,- деген ұсынысын білдірді.

Жеңісбек Мәуленқұлов –Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Алдағы уақытта бұл ипподромның орнына көпқабатты үйлер салынбақ. Жаңа нысанның  құрылысын «Bi group» компаниясы өз қаржысына салып беруді қолға алып отыр.  Мұндай үйлердің бой көтеруі тұрғындар үшін тиімді. Өйткені, мегаполисте баспана мәселесі әл күнге дейін шешімін таппай тұр. Егер қалашық бой көтерсе қала халқын баспамен қамтудың екі жылдағы жоспары орындалмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...