ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

17:09, 21 шілде 2021

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Мақтаралдық зейнеткер Пердеш Есенбековтің пайымы осылай. Себебі, халықты ешкім сатып ала алмайды. Елдімекен басшысын тұрғындардың өзі таңдауы оң шешім, дейді ел ағасы.

Қазақстанда Президент жарлығымен 2000 жылдары ауыл әкімдерінің сайлауы алғаш рет өткізілген болатын. Сол саяси науқанда бірінші болып үміткерлікке ниет білдіргендердің бірі  Мақтааралдық – Пердеш Есенбеков. Бар ғұмырын ауданның өркендеуіне арнаған ел ағасының пікірінше ауылға халықтың мұңын түсінетін адам керек. Ал, оны тұрғындардың өзі жазбай таниды.  Қоғам қайраткері - Халыққа таңдау берген демократиялы мемлекеттегі  сайлау ашық әрі жоғары деңгейде өтетініне сенімді.

Пердеш Есенбеков –Мақтарал ауданының тұрғыны

Ауыл әкімдерін сайлау жақын күндері өтеді . Мақтаралдықтар ел үшін елеулі күні белсенділік танытып, саяси науқанға белсенді ат салысамыз, деп отыр. Жалпы Түркістан облысында 60 ауылдық округтің әкімі қайта сайланады. Қазір өңірдегі 242 сайлау учаскесінде дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Пердеш Есенбеков –Мақтарал ауданының тұрғыны

Саяси науқанға қатысу үшін 259 үміткер өтініш берген. Оның 170-сі өзін-өзі ұсынса, қалған 89-ы саяси партиялардың атынан түсуде. Бүгінге дейін 68 үміткер заңды тіркелген. Оның 47-сі саяси партиялардың үкілеген үміті. Айта кетейік, 14-ші шілдеден 24-ші шілдеге дейін 10 күн бойы үгіт-насихат жұмыстары басталады. Ал 25 шілде күні еліміз бойынша ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді.

 

Д.Өмірзақова                                                                                                    

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...