
Сайрам ауданындағы «Ауыл – ел тірегі» жобасымен бастау алған жұмыстар Қарасу ауыл округінде жалғасып, нәтижелі аяқталды. Түрлі іс – шараларды қамтыған онкүндік аясында барлық елдімекендерде жоспарланған жұмыстар түгел дерлік жүзеге асты. Жобаның бір ерекшелігі, мұндағы атқарылатын жұмыстар тек асар әдісмен атқарылды. Соның негізінде бұрындары айлап, тіпті, жылдар бойы күрмеуін таппаған тірліктер атқырылып, ел бір көтеріліп қалды.
Айтулы шараны өткізу үшін алдымен оның нақты жоспары түзілуі тиіс. Міне, осыған орай Сайрам ауданы аппараты мен дербес бөлімдер жоспар түзіп, оны арнайы жиында талқылады. Сондай –ақ, бұған «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен мәслихат депутаттары белсене кірісіп, өзекті мәселелерді бірге шеушге атсалысты. Нәтижесінде, қордаланған көптеген жұмыстар шеімін тапты.
ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ - САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Осы он күндік жұмыстар аясында демеушілер есебінен көптеген ішкі көшелерге тас төселіп, тұрғындар тәулік бойы тұтынатын а сапалы ауызсуға қол жеткізді. Сонымен қатар, егіншілік мақсатқа аса қажет каналдарға механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді.
ЕРКІН ӘДХАНОВ - АУЫЛ БИІ
Қарапайым тұрғындар бұл жобаны өте тиіміді деп санауда. Өйткені, бұрындары үлкен мәселеге айналып келген Қарасу ауылындағы Төле би көшесінің электр бағаналары жаңартылды. Сондай-ақ, Ақбай ауылының Жаңақұрылыс көшесіндегі 17 гектар жерге инфрақұрылым жүйесін тарту құрылыс жұмыстары басталды. Тұрғындар бұл шаруаны да осы онкүндік аясында бастау алған игілікті іс деп танып отыр.
М. Атабек