ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

17:11, 16 қараша 2020

«Ауыл» Халықтық - демократиялық патриоттық партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы кезектен тыс конференциясын өткізді. Конференция жұмысына партия төрағасы Әли Бектаев арнайы қатысып, көптеген шешімін таппай жүрген мәселелер қаралды.

Ауыл» партиясының бағдарламалық мақсаты - барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы, тәуелсіз, қуатты және гүлденген Қазақстанды құру болып табылады. Партия назарында ауыл шаруашылығы саласының мәселелері бірінші кезекте. Атап айтқанда, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, өнім өндірушілер мен Аграрлық өнеркәсіптік кешен  субъектілерін кредиттеу кезінде сыйақы мөлшерлемесін 2-4% - ға дейін төмендету, сондай-ақ олардың коммуналдық шығыстарын субсидиялау және т. б

 

Әли Бектаев – «Ауыл» халықтық- демократиялық, патриоттық партиясының төрағасы

 

Конференцияның барысында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы бағдарламасының жобасын талқылау;облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарға ұсынылатын кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіту; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVIII съезіне Шымкент қаласы атынан делегаттар тізімін бекіту мәселелері қаралды.

 

Әли Бектаев -«Ауыл» халықтық-демократиялық, патриоттық партиясының төрағасы

 

Бүгінгі таңда «Ауыл» партиясының 17 филиалы бар: 14 облыста және Республикалық маңызы бар 3 қалада: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте. Партия қатарында 300 мыңнан астам мүше бар. Партияның пікірлестерінің саны күннен - күнге артып келеді. Тек соңғы жылдардың өзінде партия қатарына 52 мыңнан астам жаңа мүше қосылды.

НазкенCкандар    

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...