ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ

12:59, 25 қараша 2021

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласының еңбекшілері 2021 жылды толайым жетістіктермен түйіндеп жатыр. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығында 3,3 миллион тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жетті. Түркістандағы «Конгресс Холл» ғимаратында табысты жыл қортындыланып, «Altyn kúz-2021» мерекелік іс-шарасы өтті. Ал мерекеде сөз алған облыс əкімі Өмірзақ Шөкеев барша аграрлық сала еңбеккерлерін жылдық қорытынды мерекемен құттықтап, салада жоғары нəтиже көрсеткен аудан-қала əкімдеріне жəне еңбек озаттарына арнайы марапаттарды табыс етті.

Агросала өкілдері көптен күткен дәстүрлі «Алтын күз-2021» мерекелік шарасында алдымен Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жұртшылыққа осы саладағы жетістіктер мен өнімдер, ғылыми ізденістер көрсетілді. Көп тамсанған көрмеде ағымдағы жылы мол өнімге қол жеткізген Түркістан өңірінде өндірілетін азық-түлік тауарларының түр-түрі бар.

Нұрхан Сұлтаханов – Сайрам ауданының өкілі //

Нұрбақыт Оразаәлі – ғылыми қызметкер

Көрмеден кейін мерекеге орай салтанатты жиын өтіп, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барша диқандар мен малшыларды, агросала өкілдерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады. Өңір басшысы ет экспорты бойынша Түркістан облысы бірінші орында, ал суармалы жерді игеріп, көкөніс, бақша өнімдерін өсіруде де аймақ әлеуеті өте жоғары екенін мақтанышпен жеткізді.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Өңір басшысы Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері арасындағы келісімге сәйкес биыл «Достық» каналына мол деңгейде су келгенін, осы арқылы мақташылар жоғары түсімге қол жеткізгенін де атап өтті. Облыста каналдар жөнделіп, жаңа су қоймалары салынып жатқанын айтып, Түркістанның жан-жағына су жеткізіліп, қала жасыл шаһарға айналатынына сенімді екенін жеткізді.Аталмыш саладағы облыс жетістіктер - ауа райының қолайлығынан бөлек, сала өкілдері атқарған ерен еңбектің жемісі екені даусыз, - деді Өмірзақ Естайұлы. Өз сөзін қорытындылай келе нағыз еңбек адамдарының мәртебесі асқақтаған жиында өңір басшысы бір топ азаматты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және «Ауыл шаруашылығы үздігі» төс белгісімен марапаттады. Түрлі салада үздік атанған аудан, қала әкімдеріне де құрмет көрсетілді.

Сонымен бірге салтанатты жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев озат агроқұрылым өкілдерін марапаттаса, бір топ БАҚ өкіліне Ауыл шаруашылығы басқармасының алғысхаттары тапсырылды. Кеш облыстың елге танымал өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен өрнектелді.

 

Перизат Ортай                                          

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
14:19, 30 қараша 2021
Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
14:17, 30 қараша 2021
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кыргызстану из-за ситуации в Афганистане
20:53, 25 қараша 2021
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кы...
Толығырақ...
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОДАТЕЛЯ
17:57, 25 қараша 2021
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОД...
Толығырақ...