ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

АУЫЛ ЖІГІТІ БАНКА ЖАБУДЫ БАСТАДЫ

13:41, 30 шілде 2021

Кәсіптің үлкен – кішісі жоқ. Көзін тапсаң – табысқа да кенелесің. Тек, іскерлік танытқан жөн. Міне, осы орайда ордабасылық Досқан Жолдыбаев ерекше бір іске кірісіп, ауыл – елге үлгі болуда. Бау – бақша өсірумен айналысатын жігіт, ендігі жерде сол өнімдерден банка жабуды бастады. Жұмысқа ауылдың қолы бос қыз – келіншектері тартылып, бұл маусымда он мың банкі жабуды межелеп отыр.

Ордабасы ауданы, Көктөбе ауылының  тұрғыны Досқан Жолдыбаев та біраз жылдардан бері   бау бақша өсірумен айналысады. Алайда,  бейнетпен  өндірілген өнім кейде арзан сатылғанынан  бөлек, ысырапқа да кетіп жататын.  Міне, осындай  олқылықты болдырмау үшін кәсіпкер жігіт  өнімдерді сақтап, сату жағын ойластырған. Соның негізінде өткен жылы мың банка жауып та көрген.   

МҰХТАР  АТАБЕК - ТІЛШІ

ДОСҚАН  ЖОЛДЫБАЕВ -КӘСІПКЕР

Өткен жылы жабылған мың банка үлкен сұранысқа ие болып,  саудаланып кеткен. Міне, істің көзі табылды! Ендеше, неге осы кәсіпті кеңейтпеске?! Осыған бел буған жігіт биыл он мың банка жапсам деген ниетпен, ауылдың қыз – келіншектерін жұмысқа тартқан.     Күнделікті өмірде бұл шаруаны онсыз да атқарып жүрген олар, шаруаны бірден дөңгелетіп әкеткен. 

ЗӘУРЕКҮЛ  ОСПАНОВА -  АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Міне, «көз қорқақ – қол батыр» деген осы.  Досқанның ойлана келе осындай іске қадам басқанының арқасында  ендігі жерде өнімге де ысырап болмайды, еңбек те далаға кетпейді. Дегенмен, кәсіпкер жергілікті биліктен қолдау да күтеді. Бұйыртса,  ондай  қолдау болады дейді, сала мамандары.

ЕРЖАН  ҚҰРМАНТАЙ-  АУДАНДЫҚ  КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ  БАС  МАМАНЫ

Билік тарапынан қолдау болып жатса кәсіпкер жігіт шаруасын өркендетіп, өнімді де арттырмақ ниетте.    Ауылдың бірнеше тұрғынын жұмыспен қамтып, елге  керек  іс атқарылып жатқаны соның  соның бастамалары болса керек.   

 

М. Атабек                                             

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...