
Биыл шардаралық шаруалардың асығы алшысынан түсті. Қуаңшылыққа қарамастан 172 мың тонна сүт өнімі мен 52 мың тоннадан астам ет өндірілді. Бұл ауданның ауыл шаруашылық бөлімінің биылғы статистикалық көрсеткіші. Сонымен қатар ішкі сұраныстың көлеміде артқан.
Мұхамеджан Көшенов аудандағы ірі мал шаруашығымен айналысатын жандардың бірі. Мұндай кəсіпке бала кезден машықтанған. Қазіргі танда мал бордақылап, өнімдерімен ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз етіп отыр.
Бақытжан Сейсенов - Фермерлер қауымдастығының Шардара аудандық филиалының төрағасы
Биылғы жылы аудан көлемінде 52 мың тоннадан астам ет өнімін өндірген. Онымен қоса 172 тонна сүт өндіріліп, облыс аумағындағы шағын сүт өндеу цехтарына жөнелтілген. Сонымен қатар ауданда құс шаруашылығы жақсы қолға алынған. 253 мың дана жұмыртқа өнімі өндірілген. Мамандардың айтуы бойынша биылғы жылы шаруалардың асығы алшысынан түсті.
Талғат Əлімқұлов - Шардара аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы
Айта кетейік, ағымдағы жылы аудандағы мал шаруашылығымен айналысатын агроқұрлымдарға мемлекет тарапынан 188.5 млн теңге субсидиялық қаржы төленген.
Назкен Скандар