ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҰЗЫП ЖАТЫР

13:28, 27 мамыр 2020

Жол сапасын бұзатын жүк көліктерін «құрықтауға» енді бес бірдей орган білек сыбана кіріспек. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиаланың бастамасымен қолға алынған бұл шаруаға көліктік бақылау инспекциясы ғана емес, полиция департаменті, «Қазавтожол» мекемесі мен көлік прокуратурасы да бірлесіп күреспек. Тіпті ортақ «жол картасын» да түзбек.

Ауыр жүк көліктердің кесірінен былтыр Түркістан облысында 300 шақырымға жуық жол жарамсыз күйге түскен. Олардың көбі қиыршық-тас, құрылыс материалдарын таситындар. Өңірде құм-шағал қоспасын өндіретін 156 кен орны бар. Облыстағы жалпы жолдардың ұзындығы 17 мың щақырымнан асады. Ал, көліктік бақылау инспекциясының осы аумақты бақылайтын 3 -ақ мобильді тобы бар. Сондықтан ауыл мен аудан арасын шаңдатып, ызғып жүрген жүк көліктерінің бәрін бірдей бақылау мүмкін емес дейді мамандар.
Мамыржан Тошматов - көлік жүргізуші
-Біздікі фирма. Картоп алып бара жатырмыз. Ресейден Өзбекстанға.
-Қанша тонна картоп алып бара жатырсыз?
-20 тонна. Бір айда бір мәрте қатынаймыз.
-20 тоннадан асырып тасыған күніңіз болды ма?
-Жоқ, 20 тоннадан асыра алмаймыз.
ҒАЛЫМЖАН БАЙСЕЙІТОВ - ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ   Мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс атқарса облысымыздағы, жалпы пайдаланымдағы жолдардың қауіпсіздігін, және олардың күтіп ұстауды өте жоғары деңгейде ұстауға болады.
Жылжымалы бақылау тобы былтыр 2616 жүк көлігіне әкімшілік хаттама толтырылып, 50 миллионнан астам айыппұл салынған.  Алайда бұл жыртықты жамауға келмейді. Өйткені бұзылған жолды жөндеуге қыруар қаржы қажет. Сондықтан  салалық органдар шамадан тыс жүк артатын көліктермен күресте  күш біріктірмек..
МҰХИТ АХМЕТОВ - ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТЫЛЫҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біз көмектеспесек, бұларға қиын. Бұлар мына жерде тұрса, водительдер бір біріне звондайды, ана жерде көлік инспекциясы тұр деп, бұлар басқа жолмен кетеді. Оларды тоқтатуға бізде құқық жоқ. Жол полициясында бар. Оларға айтамыз. Мынадай сигнал келді. сен тоқтатшы. Транспортның инспекция келгенше деп.  
Өңірде жолдардың 850 шақырым  республикалық «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» жолын жалғасады. 5900 шақырым облыстық маңызы бар жергілікті жолдар болып есептеледі. Былтырғы жылдың талдау нәтижесіне сүйенсек, 51 млрд. теңгемен  күрделі жөндеуден өткен 1200 шақырымға жуық жолда ауыр жүк көліктері жиі жүретіні анықталған.
МАДИЯР БАЙЫМБЕТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі таңда 300 шақырымнан астам жолдарды жалпы бұзылу фактілері орын алған. Яғни жөндеуді қажет етеді. Жолдарды нақты жөндеуге біз орта есеппен есептеген кезде 15 млрд-қа жуық қаржы керек болады. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жүктерді анықтайтын облыстық көліктік бақылау инспекциясы болып табылады. Бұл мекеме тікелей министрлікке қарайды. Бұл мекемемен тиісті жол карталарын бекітеміз. Былтырғы жылы бұл мекеме 42 млн. шығын салынған. Бұл дегеніміз бұзылған  жөндеуді қажет ететін жолдарға бөлінген 15 млрд-тың бар жоғы 0,3 пайызын ғана құрап отыр.   
Жолдарды жарамсыз күйге түсіретін жүк көліктерін тезге салудың тетіктері бар.
Жүк жөнелтуші мен жол салушы мердігерлерді келісімшартқа қосу, жол бойына жүк салмағын өлшейтін бейнекамералар мен ақпараттық баннерлер орнату , дейді мамандар.
М.ӘСЕМБЕК                          

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ
18:14, 9 шілде 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...