ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

АВТОКӨЛІК НЕСИЕСІ АРЗАНДАЙДЫ

11:49, 11 маусым 2019

Ұлттық банк отандық жеңіл автокөлік өндірісінің өнімін сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын жариялады. Елімізде 3,8 млн. көлік бар. Соңғы 10 жылда жеңіл автокөліктер паркі 49%-ға артқан.

Алайда, автокөліктер қатары ескіріп барады. Өйткені, екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға автонесие беру портфелі 20,3 пайыз. Бұл – халық үшін тиімсіз.  Соған қарамастан, автокредиттердің жалпы үлесі 10,7%-ға артты. Былтыр екінші деңгейлі банктер 222,1 млрд теңгенің 92,5 мың автонесиесін берген. Енді болашақта отандық көлік аламын дегендерге Ұлттық банк мынадай жеңілдік береді. Берілетін ең жоғары несие көлемі 15 млн теңгеден аспауы керек. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. «Бұл бағдарламаның жүзеге асуы агроөндіріс кешенімен байланысты басқа да салалардың дамуына себепші болары анық. Жаңа жұмыс орындарының ашылып, инвестициялық климатты жақсартуға септігін тигізеді», - дейді мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...