ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БЕКЕТТЕР ОРНАТЫЛАДЫ

17:24, 6 мамыр 2021

Мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында жыл басынан бері қаламызда 90 мың дана ағаш көшеті отырғызылған. Ал, ауаның ластануы жоғары 10 аймаққа автоматтандырылған бекеттер орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Жиында Ахмет Өтегенұлы басқарма тарапынан осы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат берді. Оның айтуынша, алдағы уақытта Бәйтереков-Рысқұлов көшелерінің қиылысына автоматтандырылған бекет орнату қолға алынған.  Сондай-ақ, Қонаев даңғылы мен Тәуке хан көшелері сынды күре жолдарға қою жоспарланып отыр.

Ахмет Татыбаев – Шымкент қаласы жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы

қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 976 гектар жер учаскесіне 90 000 дана ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар қала аумағындағы мемлекеттік мекемелерге 17 мың ағаш көшеті тегін таратылды. Одан бөлек, осы жылы үшінші мегаполистегі ауаның ластануы жоғары 10 аймаққа автоматтандырылған бекеттер (датчиктер) орнату қарастырылып отыр

ДЕНДРОСАЯБАҚТА ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

Брифинг барысында басқарма басшысы қатты тұрмыстық қалдықтардың мәселесіне де тоқталды. Осы орайда Ғани Қарабеков  «А.Асқаров» атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында» тал егуді бір жүйеге қою жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Бұл өзгерістер экологиялық эксперттік мамандармен бірлесе жүзеге асып отыр, - дейді мекеме басшысы. Ал, көпті толғандырған саябақта тамақтану орындарын ашуға қатысты да өз жауабын айтты.

Ғани Қарабеков - «А.Асқаров» атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-ның директоры

Көпшілік тамақтану орындарынан саябақ ластанып кетеді деп айтып жатады. Олай емес. Біз қызметкерлерді 3 сменге қойдық. Бір топ таңертең 6-дан жұмыс істесе, келесі топ кешке дейін, келесісі саябақ жабылғанға дейін тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Айтып өтейік, аталған саябақта 406 түрлі ағаш-бұта өседі. Бұл ретте гендік қорын көбейту мақсатында 108 түрлі ағаш-бұтаны тұқымынан және жасыл қаламша арқылы өсіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Перизат Ортай

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...