ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

17:35, 13 қаңтар 2022

Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты Отырар ауданында әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасына бақылау күшейтілді. Қазір ауданда арнайы мониториг тобы жұмыс жасауда. Олар азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз көтермеу туралы барлық кәсіпкерлерге ескерткен. Қазір аймақта баға тұрақты. Жауаптылар азық-түлік қорының жеткілікті екенін айтып отыр.

Ел аумағында енгізілген төтенше жағдай кезінде әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру маңызды. Осыған орай Отырар ауданы әкімдігі жанынан арнайы жұмысшы тобы  құрылды. Оған аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай жетекшілік етуде. Жұмысшы топ аудандағы ірі және шағын сауда нүктелеріндегі баға тұрақтылығын қадағалап, мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде соңғы күндері ауданда ұн, сұйық май сынды тауарлардың бағасы төмендеген.  

Мұхтар Қуандықов – кәсіпкер  

Азық-түліктен бөлек ауданда жанар-жағармай мен сұйытылған газ бағасына да мониторинг жүргізілуде. Жауаптылардың айтуынша аймақта жанармай қоры жеткілікті. Тек бағаны шарықтатпау керек. Ол үшін барлық жанар-жағармай құю бекеттерінің иелеріне ескертілген.

Қаратай Нұрышов – кәсіпкер

Бағаны тұрақтандыру жұмыстары белгілі бір уақытпен шектелмейді. Өйткені, Ел Президенті 6 айға дейін тұрақтандыру туралы тапсырма берді. Осы міндетті орындау үшін аудандағы мониторингтік топ өз жұмысын жалғастыра бермек.  

 

М. Айтжанов           

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...