ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУҒА 1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

14:06, 21 қаңтар 2022

Түркістан облысында бағаны тұрақтандыруға 1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы негізінен азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталады. Бөлінген қаражат әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алуға жұмсалмақ. Қазір халық көп тұтынатын 19 түрлі азық-түлік өнімдерін сататын дүкендер мен сауда үйлерінде баға төмендетілген.

Түркістандағы базаларда халыққа  қажетті  жеміс-жидек , көкөніс пен ет өнімдері түгел жеткілікті.  Бірақ, баға бұрынғыдай емес, қымбаттаған.

АЙНҰР ТАНШАЕВА- ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- продукты қымбат конечно. Білмеймін түсті деген ценаны әлі байқаған жоқпын. Пісте май қымбат, еттер қымбат. Ұн қымбат. Еттің бағасы әлі түскен жоқ. Қазір киім деген алмаймыз, тек продуктыге ғана жұмсаймыз.

ӘЙГЕРІМ КЕНЖЕТАЕВА СУДА ОРНЫНЫҢ ӘКІМШІСІ                                                                                              - Кеше бізге СПК товарларынан баға көтеріліп келді. Күріштің бағасы 255 тен сатқанбыз, 265-тен. 32-ден жұмыртқа сатқанбыз, 35-тен көтеріліп келді. Шекердің бағасы 275-тен сатып жатқанбыз, 315-тен көтеріліп келді. Күнбағыс майы 690-нан сатқанбыз, 720-ға көтеріліп келді.   

Түркістанда әлеуметтік азық-түлікті сатуға  13 дүкен мен  бес сауда үйі келісім жасаған. Облыстық кәсіпкерлік басқармасы  қымбатшылықтың алдын- алу үшін халық күнделікті  тұтынатын 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің бағасын  мұнан кейін жіті бақылайтын болды.  Негізсіз баға көтерілген  жағдайда сатушыларға- 100 АЕК көлемінде айыппұл  салынатынын ескертеді.

АБАЙ ШЕҢГЕЛБАЕВ - ТҮРКІСТАН    ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

- \АУДАРМА!!!\ Бағаны көтермеу мақсатында бізде арнайы жұмыс тобы мен комиссия құрылған. Күнделікті базарлар мен дүкендерге шығып, барлығын тіркеуге алып отырамыз. Заңға сәйкес қымбатшылық жасағандарға хаттамалар толтырып, айыппұлдар саламыз. 

Облыстық  тұрақтандыру қорының қоймасында қазір  ең қажетті деген 3850 тонна өнімі сақтаулы. Олар Түркістандағы әлеуметтік дүкендердің сөрелеріне жеткізіліп,  базар бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылуда.

ЛАУРА ЖАНАСБАЕВА «TURKISTAN» ӘКК АҚ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ

- әлеуметтік дүкендерде қант 270 теңгеден сатылуда. Ал, картоп пен сәбіз 100, пияздың келісі  70 теңгеден босатылуда. Бұл бағалар басқа сауда орындарына қарағанда әлдеқайда арзан саналады. Қазіргі таңда біз осындай әлеуеттік дүкендердің санын көбейту жағын қарастырып жатырмыз.

Облыс әкімдігі азық-түлікті қымбаттатпау  үшін бюджеттен 1 млрд теңге  бөлді.   Бұл қаржыға  кәсіпкерлер  жергілікті тауар өндірушілерден қажетті азық-түлікті сатып алып, бағаны бір қалыпта ұстап тұруы тиіс.    

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...