ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

БАҒДАТ МУСИН ӨҢІРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

15:29, 5 наурыз 2021

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.

Министр жұмыс сапары барысында Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы технологиялық сүт-тауар фермасында болды. Ферма жетекші еуропалық өндірушілердің озық технологияларымен жабдықталған. Бағдат Мусинге сиыр саууға арналған автоматтандырылған роботтарды, жануарларды тазарту, диагностикалау жүйесі секілді ауыл шаруашылығының технологиялық үдерістерін автоматтандыру жобасы таныстырылды.

Ведомство басшысы ауылдық елді мекендерді Интернетке мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі «250+» жобасына енген Ордабасы ауданының Жусансай және Аққойлы ауылдарын аралады. Бұған дейінгі шағымдар бойынша байланыс сапасының төмендігін көрсеткен өлшеулер жүргізілді. Сол жерде хаттама толтырылып, Операторлар, өз кезегінде, осы жылдың маусымына дейін мәселені шешуге уәде берді. «Біз реттеуші ретінде операторларға ауыл тұрғындары қанағаттанатын сапалы байланыс ұсынылғанға дейін айыппұлдарды сала береміз», – деп атап өтті. Бағдат Мусин Жусансай ауылының тұрғындарымен

Өңірге сапары аясында Министр «Turkistan 109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, ведомство басшысы Кентау трансформатор зауытында болып, өндірісті автоматтандырумен танысты. Бұған дейін зауыт ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қуатты трансформаторларды дайындау бойынша технологиялық процесті роботтандыруға инновациялық грант алған. Бұдан басқа, Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиалының жұмысына баға беріп, мемлекеттік корпорация ұжымымен кездесті. Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ахуалдық талдау орталығында болды. Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев әкімдікте орналасқан заманауи орталықтың қызметімен таныстырып, екі жаңа жобаның тұсауын кесті.Ситуациялық орталық әлемді шарлаған пандемия басталған кезде ашылды. COVlD-19 коронавирустық инфекциясын бақылау және оған қарсы тұру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған орталық қазір қызметін кеңейтті.  Бағдат Мусин Ахуалдық талдау орталығының қызмпетін көріп,  атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.  

 

Нұрсұлтан. Ә                           

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...