ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ

17:50, 17 қыркүйек 2021

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында Қазақстанның құрметті журналисі Байдулла Қонысбекпен шығармашылық кездесу өтті. 80-нің сеңгіріне шыққан қара қалам ардагері жиналған қауымға өзінің шығармашылық жолымен бөлісіп, жас өрендерге ақ тілегін арнады.

Оңтүстік өңірінде қос бірдей қара шаңырақта басшылық қызметте болып, білдей бір телеарнаның негізін берік етіп қалаған Байдулла Қонысбекті білмейтін жан жоқ болар. Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене ат салыса отырып, талай түйткілдің түйінін тарқатқан. Телевизия арқылы халыққа рухани білім беріп, ұлт рухын көтере білген азамат. Халық пен билік арасынан көпір орнатқан басшы, - дейді үзеңгілестері.

Нармахан Бегалыұлы – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Еңбек жолын бастағаннан  бері 60 жылдан астам уақытта  көптеген шәкірттерге ұстаздық, тәлімгерлік етіп, олардың журналистика мамандығын жетік игеруіне күні бүгінге дейін қамқорлық жасап келеді. Бүгінгі шығармашылық кездесуге келген мектеп оқушылары да Байдулла Қонысбектей ел азаматы болуды қалайды.

Құттықыз Құдайберген – мектеп оқушысы

Жиында ардагер журналист қойылған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық жолында басынан өткендерімен бөлісті. Балаларға ақ батасын берді.

Байдулла Қонысбек – Қазақстанның құрметті журналисі

Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Оңтүстік журналистикасының төбе биі зиялы қауым өкілі ретінде елдің ынтымағы мен бірлігін насихаттауға өз үлесін қосуда. Қашан да үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген Байдулла Қонысбектің мерейі әрдайым үстем.

 

Перизат Ортай                                           

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...