ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БАҚ-ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА

17:34, 21 маусым 2021

Шымкентте 28 Маусым-Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай дәстүрлі спартакияда басталды. Байрақты бәсеке Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, ҚР Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Оған миллионды қаладағы ақпарат айдынында жүрген медио саласының үздік командалары қатысып бақ сынауда. Спартакиада шағын футбол, волейбол, арқан тарту, шахмат, боулинг, бильярд және үстел тенисі түрлерінен өтуде.

Пандемияға байланысты былтыр БАҚ өкілдері арасындағы  сайыс кейінге қалдырылған болатын. Биыл  барлық карантиндік талаптар сақтала отырып дәстүрлі жарыс өз жалғасын тапты. Спартакияда жалпы спорттың 7-түрін қамтып отыр.  Дүбірлі доданы ашқан ҚР Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының  төрағасы Уәли Қыдыр билік пен халық арасында алтын көпір болған, қаламы қарымды жорналшылар қауымына жасыл алаңда сәттілік тіледі.  

Уәли Қыдыр, ҚР Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының  төрағасы,«Оңтүстік» телеарнасының директоры 

Жылына бір рет өтетін сайысқа барлық команда қызу дайындықпен келген.Әр ойынның өту тәртібі мен ережелері нақты бекітілген. Спартакиада жалауын көтерген күні журналистер жасыл алаңда шағын футболдан өзара мықтыны анықтады. Оған 6 команда қатысып ойын өте тартысты өтті.

Бақтияр Тайжан- «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы

Өте тартысты өткен ойын нәтижесі бойынша 1-орынды Ернұр пресс»ЖШС еншілесе, Екінші орынды Үшінші мегаполис жігіттері қанжығаға ілді. Ал, жүлделі үшінші орынды «Собкор» командасы жеңіп алды. Басты мақсат жеңу емес салауатты өмір салтын насихаттау, дейді ұйымдастырушылар.

Мұқтар Сейітжаппар – Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы БАҚ бөлімінің басшысы

Спартакиада ойындарының қорытындысы жалпы командалық есеппен ұпай саны бойынша   шығарылатын болады. Жеңімпаздар 26-маусым күні салтанатты іс-шарада марапатталмақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...