ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ!

14:34, 11 маусым 2021

Өмірге дені сау ұрпақ әкелу әрбір ананың арманы. Ал, баланың кемтар немесе толық жетілмей туылуына отбасылық жанжал, лас ауамен тыныстау, кедейшілік пен жетіспеушілік сондай-ақ, алькаголды заттарды тұтыну сеп болып жатқаны жасырын емес. Ана айналасынан қабылдағанды іштегі бала да қабылдайды. Дегенмен бала денсаулығы үшін күресіп жатқан мамандар қазір бұл жолда аянбай тер төгуде.

Бәйдібек аудандық "Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті" мекемесі бала денсаулығымен айналысатын бірден-бір орта. Мұнда қазіргі таңда 78 бала емделуде. Соңғы кезде, кемістігі бар баласын жетектеген ананың қатары сирей бастағандығы байқалады. Арасында  ауруынан айығып  қалыпты өмірге оралған бүлдіршіндер де бар. Занида Ділдабаева – Бәйдібек аудандық "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" басшысының міндетін атқарушы.

Аталмыш мекеме тілінде және дене мүшелерінда кемістігі бар, ой-өрісі толық дамымаған балалармен жұмыс жасайды. Жыл бойында логопед, дефектолог, олегрофрема, психолог, әлеуметтік педагог, сурдо мен тифло-педагог және емдік дене шынықтыру мамандары баланың денсаулығын жақсарту жолында бірлесе жұмыс жасауының нәтижесі жаман емес көрінеді. Мұнда, бала 1 жылдай тиісті мамандардан емін алып, одан кейін 2-3 ай ата-анасының қарауында болады екен. Егер сол демалыс айларында балада жақсарып келе жатқан нәтиже байқалса, баланы ата-анасынан бөліп жармауға тырысамыз дейді, мекеме басшысы. Ал, егер 1 жылдан соң жағдайында келеңсіздіктер қайта байқалса, бала орталыққа оралып емін әрмен қарай жалғастырады екен. Дегенмен, жыл ішінде бүлдіршіндердің  толық емделіп кетіп жатқан жағдайлары жиі кездесуде.

Нұрсұлу Бекбосынова - ата-ана

Ұстаз баламен жұмыс жүргізіп жатқанда, орталық әдіскерлері ата-анамен байланыс  жасауды әдетке айналдырған. Ал, мамандар түрлі курстардан өтіп, тәжірибелерін шыңдап отыруды күн тәртібінен түсірген емес. Өзге орталықтармен тығыз байланыстағы мекеме іс-тәжірибелерімен бөлісіп, басқа аудандарда жұмыстарын таратуда мамандар оқ бойы озып тұр. Баланы сабаққа қызықтыру, тез дамып кетуіне септігін тигізу үшін орталықтың мамандары сабақ барысында өзіндік әдіс-тәсілдерін де пайдаланып келеді. Дәрістер  сурет пен видеотаспаға түсіру арқылы ата-аналарға жіберліп отырады. Ұйымшылдығы мен іскерлігі арқылы жұмыстарын абыроймен атқарып отырған ұжым бүгінде облыста алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі.

 

Г.Асқарқызы     

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар