ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ ОРЫНДА

16:53, 14 қазан 2021

Тәрбие тал бесіктен. Саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін білім нәрі балабақшадан жүйелі болуы керек. Ордабасы ауданындағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беретін мекемелер арнайы семинарда бас біріктірді. Балғындардың болашағына бағытталған білім салаларын саралап тәжірибе алмасты.

Ордабасы ауданында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту жұмысы жүйелі. Мемлекеттіктен бөлек 41 жекемшік балабақша бар. Барлық мектепке дейінгі тәрбие беретін нысандар заман талабына сайланған. Бұл семинарға сол мекемелердің меңгерушілері мен тәрбиешілер жиналды.

Шырын Пернебай -Ордабасы аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру әдіскері

Аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сай тәрбие мен білім беру ісіндегі есебін көріп жатырмыз.

Бұл жолғы жиын  Ордабасы ауданы Шұбарсу елдімекеніндегі «Хан-Сұлтан» балабақшасында ұйымдастырылды. Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен білім беретін мекеме аудандағы алдыңғы қатарлы балабақша. Оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың элементтерін пайдалана отырып балаға білім нәрін құяды.  Семинарға қатысушылар мұндай жиыннан аларымыз көп –дейді.

Бақтыгүл Әлімханова – Айнәзия балабақшасының меңгерушісі

Балабақшалар көптеп ашылып балалар білімді болып тәрбиеленіп жатыр.

Бір ғана Шұбарсу елдімекенінде 14 жекеменшік балабақша бар. Өзара бәсекелестік болғандықтан  әр балаға ата-аналар төлейдік қаржы 6 мың теңгеден аспайды. Сол ақшаға үш мезгіл тамақ, бүлдіршіндердің тасымалы кіреді. Бұл балабақша 3 жылда ел сеніміне ие болып балғындардың қызыққа толы үйіне айналған.

Күлпаш Үйсінбаева – «Хан-Сұлтан» балабақшасының меңгерушісі

Бұл балабақшаны 2018-ші жылы ашқан болатынбыз. Балапан бағдарламасы аясында. Шұбарсуда халық өте көп.

 «Хан-Сұлтан»  балабақшасы 200 балаға дейін  қабылдай алады. Тәрбие бөлігі 8 топтан тұрады. Жатын бөлме, арнайы  ойынханалар бар.  30 адам жұмыспен қамтылып отыр.  Қызметкерлер арасында  20 педогок маман 16 тәрбиеші бар. Олардың  11-і жоғары білімді. Нысанның өзі арнайы балабақшаға бағытталып салынған.

Жұмабек Тоғызбаев «Хан-Сұлтан»Балабақшасының құрылтайшысы

Балабақша өзі екі қабаттан тұрады. Жылу жүйесімен сумен қамтамасыз етілген. Асхана кір жуатын шаруашылықтар бар.

Мектепке дейінгі мекемеде семинар барысында барлық сала таныстырылды. Денсаулық, Шығармашылық, қатынас, таным мен әлеумет салалары өз жұмысын көрсетті. Жиын соңы балалар ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...