ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ АУРУШАҢДЫҚ 5 ЕСЕГЕ ӨСКЕН

17:17, 17 қаңтар 2022

Шымкентте коронавирустық инфекциясымен балалар арасындағы аурушаңдық 5,5 есеге артқан. Сондықтан қалада шектеу шаралары күшейтілді. Бүгіннен бастап барлық мектептер онлайн режиміне көшірілді. Ал, Ұлттық компаниялар мен әкімдік мекеме қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге жіберілді. Бұл туралы қаланың бас санитар-дәрігері мәлімдеді. Сондай-ақ, қаланың қызыл аймақта болуына байланысты шаһарда салатантты іс-шаралар мен түрлі конференция және де спорттық шараларды өткізуге тиым салынды.

Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері Шымкентте коронавирус инфекциясына қатысты 2781 жағдай тіркелген. Соның 495-інде 18 жасқа дейінгі балалар ауырған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге көп дейді мамандар. Сондықтан мектептер толықтай онлайн режимге көшкен. Ал, жоғары және арнаулы оқу орындары аралас форматта оқытады. Яғни, сабақтар қашықтықтан ал практикалық дәрістер офлайн түрінде жүргізіледі.

Алдарқұл Ахметов – Шымкент қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау депаратаменті басшысының орынбасары

Одан бөлек, мейрамхана, дәмхана сынды қоғамдық тамақтану орындары 50-пайызға дейінгі толымдылықпен жұмыс істей берулеріне болады. Бірақ ашық қосымшасын пайдлануы міндетті. Айтып өтейік, қалада аталған қосымшаны пайдалану көрсеткіші өте төмен. Мәселен, осы уақытқа дейін 9021 нысан Ашық қосымшасына тіркелген болса соның 7061-і қосымшаны мүлде пайдаланбаған.

Сәбира Адамбекова - Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

Аурушаңдықтың артуына негізінен оқушылар арасында вакциналаудың жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқаны себеп көрінеді. Сондықтан мамандар 12 мен 17 жас аралығындағы оқушыларды да ерікті түрде екпе салдыруға шақырады.

 

М Айтжанов            

Тақырып бойынша материалдар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:35, 24 маусым 2022
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
13:58, 20 маусым 2022
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
Толығырақ...
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
13:49, 22 маусым 2022
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
Толығырақ...