ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ДЕНДРОСАЯБАҚТА АТАЛЫП ӨТТІ

18:32, 1 маусым 2021

Балалар құқығын қорғау мерекесі қалалық Дендросаябақта да жоғары деңгейде аталып өтті. Бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, мерейін үстем ету үшін Қалалық Қуыршақ және жасөспірімдер театрының әртістері келіп, қызықты қойылымдар қойды. Мерейлі мерекеде ұйымдастырылған шараға саябақта серуендеп жүрген 100 шақты бала жиналып, түрлі ойындарға қатысты.

Адам өмірінде ең үлкен бақыт - ұрпақ өсіріп, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала- елдің ертеңгі болашағы. Ұлттың жалғасы. Қай халықтың болмасын елдігі мен салт-дәстүрін, атамекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Сондықтан еліміздің ертеңгі тірегі болатын, жастардың болашағын баянды ету біздің басты парызымыз,-деді ұйымдастырушылар.

Антонина Малюченко – Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі

Бүлдіршіндер алаңда би-билеп, ән салып өз өнерлерін паш етті. Орталыққа келген ата-аналар мен балалар мерекелік көңіл-күймен қайтты. Осылайша мереке қаламыздың барлық саябақтарында жоғары деңгейде аталып өтілді.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...