ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА - БАЗАРЛЫҚ

16:39, 9 сәуір 2021

Шымкент қаласында «Балаларға, базарлық» акциясы жалғасын тапты. Өткен жылы республикалық «Кітап фестивалінде» бастау алған жоба аясында 100 отбасыға кітаптар мен жеміс-жидек себетін үлестірді. Игі іс Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Акция 4 ауданның жағдайы төмен және көп балалары отбасыларына шапағатын тигізді.

Мейіржан Асанов үйінің үлкені. 12 жастағы бүлдіршін логикалық кітаптарды оқығанды ұнатады. Ата-анасы жұмыс барысымен үйінен жырақтағанда қос бірдей бауырына өзі қамқор болады екен.  Кітап оқуға құштар бала Шымкент қаласы бойынша «рухани жаңғыру» кеңсесі мен салт-дәстүр орталығының бұл  бастамаға дән риза.

Мейіржан Асанов - оқушысы

Мен өскенде бизнесмен болғым келеді. Себебі ол ешкімге тәуелді болмайды. Ата-анамды меккеге апарғым келеді. Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін

Қайырымды іске бұл жолы Шымкент қалалық Мәслихатының депутаттары, кәсіпкерлер, көпбалалы аналар демеушілік көрсетті. Балаларға базарлықты үлестіруге еріктілер де атсалысты. Айта кететін жәйт, жыл сайын 100 отбасы тізімі жаңарып отырады. Келер жылы аталмыш жоба арқылы өзге де отбасылар қуанышқа бөленеді.

Зауре Оралбаева - Шымкент қаласы бойынша «рухани жаңғыру» кеңсесінің жетекшісі 20 – 49  Бұл акцияны 2020 жылы бастаған болатын. Қалада республикалық деңгейде кітап фестивалі ұйымдастырылған. Кітап фестиваліне келген әр бір азамат біздің сандығымызыға көптеген кітаптарды сыйға тартқан

Бұл акцияның діттегені  –  жастарды кітап оқуға баулу.  Оған қоса көркем әдебиетке деген қызығушылығын  ояту. Алдағы уақытта балалар оқыған кітаптарының нәтижесін байқау арқылы танытатын болады.

 

А.Аманхан                                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар