ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

17:26, 1 маусым 2021

1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні. Мереке қарсаңында қаламыздағы ИЧ-167/11 мекемесі және Шымкент қалалық прокуратурасының мамандары бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Балаларды қорғау – баршаға ортақ міндет. Ал, мереке қарсаңында оларға қуаныш сыйлау – азаматтықтың белгісі. Осыны ескерген қаламыздағы  ИЧ-167/11 мекемесі және Шымкент қалалық прокуратурасының 6 басқармасы бірлесіп қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.  Мекеме мамандары Түркістан  облыстық балаларды оңалту орталығында ем алып жатқан бөбектерге тәтті тағамдар мен ойыншықтар табыс етті.  Балалардың жарқын  жүздері акция иелеріне үлкен қуаныш болды.

Ұлықбек Қасымов - ИЧ 167/11 мекемесінің бөлім бастығы, әділет-майоры

Аталған орталық үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға жасақталған. Қазіргі таңда емханада 104 бала ем қабылдауда. Емдеу режимі он сегіз тәулікті талап етеді. Орталықтағы мамандардың айтуынша, мемлекет тарапынан балаларға барлық қажетті  жағдай жасалған, ем алу толық тегін.

Баян Арысбаева - Түркістан облыстық балаларды оңалту орталығы бас дәрігерінің орынбасары 

Балалар күніне орай ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Ұйымдастырушылар басқа да мекемелерді аралап, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауға ниетті,

 

А.Нұртаза                                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...