ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА ВАКЦИНА ЕГУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

12:37, 23 қараша 2021

Шардара орталық ауруханасында 15-қарашадан бастап 12 және 18 жас аралығындағы балаларға вакцина егіліп жатыр. Pfizer екпесін бүгінге дейін 69 бала қабылдап үлгерген. Ал, 30-дан астам жүкті аналарға да вакцинаның дәл осы түрі егілген. Америкалық екпенің ауданға 180 дозасы жеткізіліп, вакцинация қарқынды жүргізілуде.

Шардара аудандық орталық ауруханасына 15-қараша күні 180 доза Файзер вакцинасы жеткізілген болатын. Мамандардың айтуынша, алғашқы күннің өзінде 20 балаға екпе салынып үлгерген. Ал, жүкті әйелдердің 26 сы өз қалауымен екпе қабылдаған.

Абдумəлік Бауыржан - Шардара аудандық орталық аурухана басшысының міндетін атқарушысы

Короновирусқа қарсы салынып жатқан вакцина ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатымен ғана егіледі. Сондай-ақ, балаларға вакцина салу жүйесі бойынша алдын ала мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне ұстаздар қауымы ақ халаттылармен бірлесе отырып, ата - аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Құралай Көбелекова - Шардара аудандық орталық аурухана бас дəрігерінің орынбасары

Жалпы жыл басынан бері аудан бойынша 41 621  адамға вакцина егілсе, оның 38 925-і екі компонентін алып үлгерген. Қалған 2 696 адам осы айдың аяғына дейін алып үлгереді,- дейді ақ халаттылар.

 

Перизат Ортай                                          

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...