ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

БАРЫС ЖЫЛЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ТОЛЫ БОЛМАҚ!

13:27, 5 қаңтар 2022

Жаңа барыс жылы төрімізге озып, сиыр жылы тарих қойнауына енді. Егер өткенге көз жүгіртсек ел тарихында барыс жылында жақсы оқиғалар көптеп орын алған. Біздің ел қашанда жаңа жылдан жақсылық күтіп, өткенге өкпемен қарамайды. Ендеше ескі жыл шымкенттіктердің есінде несімен қалды? Жерлестеріміз 2022-ші жылға қандай жоспар құрып отыр?

Жалпы 2021 жылы да індеттен арылмағанымызбен, өңірде атқарылған ауқымды жұмыс аз емес. Қай сала болмасын алға басып, экономикамыз алға өрледі.  Шымкенттіктер үшін де бұл жыл ерекше болғаны сөзсіз. Бірі баспаналы болып, көптен күткен қоныс тойын тойласа, енді бірі шаңырақ көтеріп, сәби сүйді.

Жеңісбек Мәуленқұлов – Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы

2022 жылға жоспар ауқымды, оны жүзеге асыру басты мақсат, дейді зиялы қауым өкілдері. Ересектер мен қатар қаламыздың кішкентай тұрғындары да келер жылға зор үміт артып отыр.

Ханбибі Есенқарақызы – ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, ақын

Айтып өтейік, өткен жылдың басты оқиғасы- Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы болды. Бұл күнде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, еліміздегі  барлық тұрғындар мерекені жоғарғы дәрежеде тойлады. Ал, енді жаңа жыл өз жақсылығымен келіп, қала халқына есте қаларлықтай естелік сыйлайды деп үміттенеміз.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...