ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

13:20, 5 қаңтар 2022

Жыл бойы еткен еңбек, игі істер жемісі жоғары көрсеткіштермен түйінделді. Тәуелсіз елмен тел жетілген Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетіне биыл 23 жыл толмақ. Білім ордасы жыл қорытындысына арналған шара ұйымдастырылды.

Рабиға Қуатбекова – Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің ректоры

КСМ: Жаңа барыс жылы табыс жылы болатынға ұқсайды. Өткен жылдың еншісінде қалған жұмысты саралайтын болсақ, білім ордасы толағай табысқа қол жеткізген. Кәсіпте адалдық танытып, еселі еңбек еткендер лауазымдық қызметіндегі сапалы жұмысы үшін алғыс алды. Олар профессор-оқытушылар құрамы мен үздік қызметкерлер. Белсенділер бұл күні  ректордың Алғыс хаты және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Бұл жиынға бірқатар халық қалаулылары да қатысты. Басқосуда «Nur Otan» Партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, партия атынан бірқатар қызметкерлерге алғысын білдірді.

Бейсенбай Тәжібаев - «Nur Otan» Партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Білім ордасында қазір 13 мыңға жуық шәкірт оқу-білімменн сусындап жүр. Биылдың өзінде бітіруші  курстың 182 студенті жаңартылған білім беру мазмұны бойынша іс-тәжірибеден өтті. Мерекелік шарада осы курстан өткен шәкірттерге білімін растайтын сертификат үлестірілді.

Университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры, жастар жанашыры Берік Садықов ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиынға жергілікті әкімдік өкілдері мен жұмыс берушілер де арнайы қатысты. Ұжымға жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, ғылым мен білім саласында адал еңбегі, жоғары нәтижелері үшін бірқатар студент марапат алып марқайды. 

 

Г. Қалмырзақызы                                   

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...