
Шымкент қаласында ревакцинация қарқынды жүріп жатыр. Бүгін қаламыздың бас имамы бастаған 100-ге жуық дін өкілдері екпе салдырды. Бағдәулет Абдрахманов көпшілікті денсаулығына немқұрайды қарамауға шақырады. Өйткені, денсаулық - адамзаттың ең үлкен нығметі ,дейді бас имам .
Дініміз адам денсаулығына үлкен мән беріп, денсаулықты қорғауды талап еткен. Бұл туралы Құран Кәрімде Алла Тағала: «өзіңді өзің қатерге тігіп тәуекел етпе. Жақсылық жасаңдар. Расында, Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді»] деп бұйырады.Барша мұсылман үмметіне Мұхаммед пайғамбарымыз (c.ғ.с): «Ауру келместен алдын, саулықтың қадірін біліңдер» деп, денсаулықтың маңызды болғанын ескерткен.
Бағдәулет Абдрахманов-Шымкент қаласының бас имамы
Шымкент қаласы бойынша бүгінде 88 мешіт бар. Онда 259 дін қызметкері халыққа қызмет етеді. Олардың барлығы екпе салдыруға ниетті. Өйткені, өткен жылдары осы ковид вирусынан алты имам көз жұмыпты.
Назым Сайлау-«Қамқор» ЖШС-і қалалық емханасының директоры
Айта кетейік, бұл емханада 29 мың адам екпе салдырған. Оның 4 мыңы ревакцинация жасапты.Сондай-ақ, 12-16 жас аралығындағы 850 оқушы вакцина салдырған.
Г. Оңласбекова