ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БАС МҮФТИ ТАҒЫЛЫМЫ АТТЫ ОҚУЛЫҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

17:53, 1 маусым 2021

«Бас мүфти тағылымы». Осындай атаумен Әл-фараби кітапханасында жаңа оқулықтың тұсауы кесілді. Ислам дінінің ізгілігі мен мұсылман өмірінде кездесетін қиындықтарға жол сілтер кітаптың авторы –ҚР бас мүфтиі Наурызбай қажы. Салтанатты рәсім барысында келелі әңгімелер айтылып, асыл дініміз ұлықталды.

Бас мүфти қазір жастардың дінге көптен мойын бұрып жатқанын қуанышпен тілге тиек етті. Дегенмен, дұрыс бағыт беру өте маңызды. Айтуынша, білім іздеу арқылы   пенденің иманын бекемделіп, құлшылыққа деген құлшынысын артады. Адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін, әр амалды көркем түрде орындауға үйрететін рухани ілім, деді бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы – ҚМДБ төрағасы, бас мүфти

Кітап адам өмірінде көп кездесетін оқиғаларға жауап  ретінде қасиетті Құран кәрімге негізделіп, ардақты пайғамбарымыздың өсиеттері негізінде жазылған. Оқулықта 90-нан аса мақала бар. Онда бүгінгі қоғамдағы көкейтесті мансап, пара беру және алу, шүкір ету, көркем мінез жайында кеңінен насихатталған.

Құралбек Сағынай – Түркістан облыстық дін басқармасының ақылдастар алқасының мүшесі

Барша оқырман қауымға арналған еңбектің үлкен мен кішіге, ұстаз бен шәкіртке берер тағылымы мол.   Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы биыл 14 кітапты шығаруды жоспарлаған. Барлығы асыл дініміздің нығыметтерін насихаттауға бағытталған.

 

Дидар Өмірзақова

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...