ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

БАС ПОЛИЦЕЙДІҢ САРЫАҒАШҚА САПАРЫ

12:27, 23 қараша 2021

Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барған Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков пен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев аудандық полиция бөлімінің жаңа ғимаратын ашты. Салтанатты түрде өткен ашылу рәсіміне әкімдік пен БАҚ өкілдері, Ішкі істер органдарының ардагерлері, жергілікті полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Сарыағаш АПБ-нің су жаңа ғимараты заманауи талаптарға сәйкестендіріліп жасалған, кабинеттер қажетті жиһазбен және компьютерлік техникамен жабдықталған, арнайы байланыс және бейнебақылау жүйесі бар, сондай-ақ онда сақшылардың сапалы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Тұрғындар көп жүретін көшелер мен қоғамдық орындарда орнатылған сыртқы бейнебақылау камералары біріктірілген шағын жедел басқару орталығы да талапқа сай жұмыс істеп тұр.Бұдан басқа аумақта қабылдау-тарату орны, уақытша ұстау изоляторы, қызметтік иттерге арналған үй-жай, гараж салынған. Сондай-ақ полиция бөлімі жанында халықты мәселесі бойынша кезексіз қабылдауға арналған "азаматтарды қабылдау" бөлмесі жұмыс істейді.Осыдан кейін Қайрат Дәлбеков ауданы аумағында орналасқан учаскелік полиция бекеттеріне барды. Онда генерал-майор Қ.Дәлбеков учаскелік инспекторлар жұмысының нәтижесімен танысып, тірек пункттерінің қойылатын талаптарға және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайына сәйкестігін тексерді. Сапар соңында полиция басшысы қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесіп, тілдесті.

ҚАЙРАТ ДӘЛБЕКОВ,ТО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

 

Автор: Г. Қалмырзақызы                   

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...