ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БАСПАНА ИЕЛЕРІ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ӨЗДЕРІ БАСҚАРАДЫ

16:52, 9 маусым 2021

Елімізде көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың жаңа жүйесі енгізілді. «Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидатымен кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі және жай серіктестіктер құрылып жатыр. Яғни, халық аузында КСК болып танылған кооператив орнын мүлік иелері бірлестігі басуда. Демек, баспана иелері өздері тұрғын үйді басқарады. Бастысы бәрі ашық. Тұрғындар үй кешенін дамыту, абаттандыру, көгалдандыру секілді жоспарына қатысты шешім де қабылдай алады.

Шымкентте жаңа жүйені тұрғындарға түсіндіру, басқару нысандарын тіркеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау мақсатында Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен жиналыс өтті. Бүгінде қаладағы 377 көпқабатты тұрғын үй жаңа жүйеге көшкенін баяндады. Оның 83-і мүлік иелерінің бірлестігі болса, 294-і жай серіктестіктер. Қала басшысы Мұрат Әйтенов меншік иелеріне жаңашылдықты толықтай түсіндіруге тапсырма берді. Былайша айтқанда, тұрғындар бұған дейін КСК-ға аударып келген ақшаны, өз келісімдерімен Мүлік иелері бірлестігі немесе жай серіктестіктер  арқылы өздері қадағалап, қайда жұмсалатынына араласа алады.  Бұл коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер арасында да бәсеке тудырып, қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді, - дейді қала әкімі. Сондай-ақ, Мүлік иелерінің бірлестігі – заңды тұлға ретінде Әділет департаментінде, жай серіктестік тұрғын үй инспекциясы басқармасында тіркеледі. Тұрғындар келісімімен үй кеңесі құрылып, сол басқарады.  Ол үш жыл мерзімге сайланады. Егер үй кеңестері өз міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда жалпы жиналыс шешімімен қайта сайланатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...