ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

«БАСТАУ БИЗНЕС»: 2 820 АЗАМАТ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

15:00, 20 қаңтар 2021

Шымкент қаласында өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша 2 820 азамат оқып, тиісті сертификатын алды. Бизнесті қолдау жоспары 100 % орындалған. 942 үміткер «Еңбек» бағдарламасы арқылы (555 600 тг), 12 үміткер «Бинестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы грантқа (5 млн теңге) қол жеткізген. 8 үміткерге несие (101 млн теңге) берілген. Жоспар 112 %-ға орындалды. Бұл туралы «Атамекен»Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев мәлімдеді.

Шымкент қаласының «Бизнеске арналған Үкімет» фронт-офис алаңында 12 онлайн семинар-тренинг өткізілді. 2021 жылы 2500 азаматты оқыту жоспарлануда.Палата директорының айтуынша, пандемияның кәсіпкерлерге тигізген әсерін анықтау мақсатында 2 рет сауалнама жүргізілген. Маусым-шілде айларында 3915 бизнес субъектілеріне, желтоқсан айында 2460 субъектіге сауалнама өткізілді. 11 желтоқсандағы жағдайы бойынша субьектілерде 46,3 мың адам жұмыс істеуде. Сонымен қатар, кәсіпкерлер палатасы әкімдікпен бірлесіп бизнестің жұмыс жасауына ыңғайлы етіп shym-karantin.kz сайтын әзірледі. Төтенше жағдай аяқталған соң республика бойынша жүйелендірілген «Info Kazakhstan» платформасы жұмысын бастады. Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы 2020 жылы пандемия жағдайында бизнесті қолдауда барлық қажетті іс-шараларды жүргізді.

Нұрлан Қабыштаев, «Атамекен»Кәсіпкерлер палатасының директоры  

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...