ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

БАТЫР АНА ӨЗ БИЗНЕСІН АШТЫ

14:57, 6 наурыз 2020

Шымкенттік батыр ана өз бизнесін ашты. Жеті баланың анасы Гүлферуза Мелдебекова кәсіпкер боламын деген асқақ арманына мемлекеттік бағдарлама арқылы қол жеткізді. Қолының ебі бар келіншек қазір қыз жасауына қажетті дүниелерді тігумен айналысып жатыр. Мереке қарсаңында біздің түсіру тобы жалғызбасты ананың шағын цехында болып, жағдайына қанығып қайтты.

p> 

 

Гүлферузаның шағын ғана жұмыс орны осы. Аядай ғана кепе үйді жалға алып, тігін тігіп отыр. Жеті баланы жалғыз өзі жетілдірген ананың басыбайлы баспанасы да жоқ. Сәуле шағынауданындағы жер үйлерді жалдап тұрады. Бірақ, қолөнерге деген құлшынысы жоғары жан үшін бұл кедергі емес. Бар бақытқа адал еңбекпен жеткісі келеді.

Гүлферуза Мелдебекова – батыр ана

Қыз жасауын тігіп жүргеніме 20 жылдай уақыт болды. Алтынай Жорабаеваның жасауын тіккен адаммын. Еш мойымаймын. Аллаға шүкір. Мемлекеттен алған 505 мыңға мынадай 3 тігін мәшинесін алдым...

Қолының ебі бар келіншек өткен жылы «Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы оқудан өтті. Сөйтіп, білімін растайтын сертификатқа қол жеткізді. Жеке бизнес жоспары мақұлданып, 505 мың теңге грант алды. Қазір Гүлферузаның қыз жасауына тіпті, еліміздің әр аумағынан тапсырыс түсіп жатыр. Өйткені, көпбалалы кәсіпкер тігу ақысына аспандағы айдың құнын сұрамайды. «Қанағат –қарын тойдырады»,- дейді.  

Гүлферуза Мелдебекова – батыр ана

Сәуле Әшірбекова – тұтынушы

Осы келіншектің жұмысы маған бірден ұнады. Екі қызыма да жасауды осыған тіктірдім. Сапалы әрі қолжетімді бағада тігеді...

Ұлттық нақышта безендендірілген көрпе-төсек, құрақ жастықтардың көркі көз тартады. Тігін тігу - көздің майын тауысып жасайтын шығармашылық өнер. «Шеше көрген тон пішеді»-деген. Батыр ана қыздарын да осы іске баулып жүр.

Дәурен Дүйсебаев – Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының баспасөз жетекшісі

Еңбек бағдарламасының басты мақсаты да осы, қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету...

Жалпы, Шымкентте көпбалалы, аз қамтылған отбасы мүшелерін жұмыспен қамту ісі оң жолға қойылған. Бұл - әлеуеті әлжуаз топтағыларды тығырықтан шығарудың тиімді тәсіліне айналды.

Г. Қалмырзақызы                                             

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...