ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БАТЫРДЫҢ БЕЙНЕСІ ТАСҚА ҚАШАЛДЫ

14:47, 3 маусым 2021

Қазығұртта батыр есімі қайта ұлықталды. Аудандағы ауданы Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке қаhарманның ескерткіш-мүсіннің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Оқу орынның аты өшпес ерлігімен, азаматтық дара қалпымен, ұлтжандылығымен ел есінде қалған ердің есімімен аталғанына бірнеше жыл ғана болған. Содан бері қайта абаттанып, жаңа кейіпке еніп келеді.

Мектептің аты Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының атымен аталғанына әуелі ауыл ақсақалдары дән риза. Себебі, өскелең ұрпақтың ұлтжанды болып есеюінен септігі сол. Әрі батырдың есімі үнемі есте қалып, өнегелі өмірі жадында сақталуы тиіс, дейді, аудан қарттары.

Спабек Қонақбаев - ауыл тұрғыны

Ескерткіш-мүсін қола материалынан дайындалған. Биіктігі 1 метрді құрайды.  Тұғырының ұзындығы – 2,3 метр. Авторы  - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі  Құралбек Арынұлы.

Ақниет Пірбетова  - оқушы

Салтанатты шара барысында мектеп оқушылары ән-жырдан шашу шашты. Шәкірттер ұлттық рухты көтеретін патриоттық әуендер шырқап, зұлмат жылдардағы қиындықтардан қойылым қойды.

 

Д.Өмірзақова                                                                                                      

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...