ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

БАЗАРЛАРДАҒЫ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

19:36, 12 қаңтар 2022

Шымкент қаласы қызыл аймақта. Қаламызда COVID-19 індетін жұқтыру фактілері көбейіп отыр. Осыны ескерген Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мобилдік топпен СЭС мамандарын жинап Абай ауданына қарасты базарлардағы карантин талаптарын пысықтап шықты. Базар бағамы да назардан тыс қалған жоқ.

 

БАЗАРЛАРДАҒЫ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ     

ДИКТОР: Шымкент қаласы қызыл аймақта. Қаламызда COVID-19 індетін жұқтыру фактілері көбейіп отыр. Осыны ескерген Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мобилдік топпен СЭС мамандарын жинап Абай ауданына қарасты базарлардағы карантин талаптарын пысықтап шықты. Базар бағамы да назардан тыс қалған жоқ.

Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймаққа» енді. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, қазір үшінші мегаполисте эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен. Десекте карантин мерзімі ұзартылған сайын сақтық шаралары солқылдап барады. Осыны ескерген Абай аудандық әкімдігі сала мамандарымен базар ошақтарға барып, жұртты   карантин талаптарын қатаң сақтауға шықырды.

Бұхарбай Парманов – Абай ауданының әкімі

Шарбат Айботаева - Шымкент қаласы Абай  аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы

Бұл қала аумағындағы халықтың басым бөлігі сауда-саттық жасап, керектісін табатын «Авто-Нұр» базарының кіре-берісі. Мұнда қос қақпаға осындай дезинфекциялық туннель орнатылған. Дегенмен, халықтың көбі жайбарақат жүр. Сұрағаннан кейін ғана бетпердені қалтасынан алып, тағып алуда. Бұл өз кезегінде жұқпалы дерттің  қауіптілігін арттырып отыр, дейді базар басшылығы.

Әлібек Айтбаев – «Авто-Нұр» базарының  басшысы

Мұнан соң мобильдік топ «Жабық  базарға» ат басын бұрды. Онда да түсіндірме жұмыстырын жүргізіп, үшінші мегаполисте эпидемиологиялық жағдай күрделене түскенін жеткізді.  Мұнда, санитарлық-дезинфекциялық шаралар, сатушылардың талапқа бас игені, сондай-ақ, сатып алушыларға да жасалған жағдайды анық байқауға болады.

Қасым Набиев – «Жабық базар» директоры

Айта кетейік, ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 11 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.  Онда Шымкент қаласы мен елордамыз Нұр-Сұлтан қалалары қызыл аймаққа енген.

 

Н.Әбдірашит                                                          

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...