ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

БЕЛГРАДТА «ҚАЗАҚ-СЕРБ ДОСТЫҒЫ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

14:00, 5 наурыз 2021

Сербия астанасы Белградта «Қазақ-cербдостығы аллеясы» ашылды. Екі ел арасындағы байланыстың берік екендігін айғақтайтын гүлзар жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші жанынан орын тепті.

Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай ашылған саябаққа жас ағаш көшеттері отырғызылды. Аталған іс-шараға Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков пен Белград қаласының мэрі Зоран Радойичич, Қазақстан достары клубының мүшелері және Сербиядағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Айтып өтейік, жаңа аллеяны ашу – бұл Қазақстан Елшілігінің  осы жыл ішінде Сербияда жобалаған үш жасыл бақтың алғашқысы саналады. Өйткені алдағы уақытта Златибор округінің орталығы – Ужице қаласында Қазақстан-Сербия достық саябағын ашу жоспарланған. Одан бөлеке Дунаймен Сава өзендерінің сағасында «Қазақстан» аллеясы ашу жоспарланған.

Ғабит Сыздықбаев - Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі

Бұл алея жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына және екі ел арасцындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығына арнайы ашылып отыр. Алдағы уақытта бмұндай игілікті істер өз жалғасын табатын болады. Себебі, мұндай шаралар қарапайым тұрғындар арасында да бауырластықты арттырады деп ойлаймын.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...