ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ

20:23, 26 қараша 2021

Пандемиядан кейінгі даму, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мәселелері Санкт-Петербургте өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысында талқыланды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ассамблея кеңесінің келесі отырысын Алматы қаласында өткізу ұсынысын қолдаған әріптестеріне алғыс білдірді.   Індетпен бірлесе күресіп, әлемдік экономиканы дағдарыстан аман алып қалу үшін ортақ ұйымның қажеттігін атап өтті.  Осы орайда Сенат спикері серіктес мемлекеттерді  Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сонымен қатар жоғары палата төрағасы екіжақты кездесулер өткізді. Өзбекстандық әріптесімен екі елдің парламентаралық байланыстарын талқылады. Ал Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесуде трансшекаралық өзендер мәселесін пысықтады. Мәулен Әшімбаев Мәскеу қаласына жұмыс сапары кезінде Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллмен кездесті.Орыс Православ Шіркеуінің басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келер жылы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне шақыру хатын табыстады.

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
17:53, 27 қаңтар 2022
ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
17:51, 27 қаңтар 2022
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...