ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БІР АЛҚАПТАН ЕКІ-ҮШ ӨНІМ АЛАДЫ

13:24, 5 мамыр 2021

Шіліңгір шілдеде тіршілік нәрінен тапшылықты жиі сезінетін өңір шаруалары суды барынша тиімді пайдалануға көшуде. Әсіресе тамшылатып, жаңбырлатып суғару жүйесіне ден қойып отыр. Биыл Ордабасы ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алуға ниетті шаруашылық саны артқан. Солардың бірі «Заманбек» шаруа қожалығы.

Ордабасы ауданы  Қарақұм ауылының тұрғыны Әмзебек Аманжолов аймақта тың жобаны қолға алғанның бірі. Ол  қарбызды  техникамен  егіп, тамшылатып суғару әдісін пайдалануда.  Өзіне тиесілі су бармайтын 15 гектар тәлім жерді бақшаға айналдырып отыр. Құдық қазып су тартып оны барынша ұқыпты пайдалануда. Диханның  қауын - қарбызы құлақ ашып, қияры гүлдеп тұр.

Әмзебек Аманжолов – кәсіпкер

Төрт бес жылдан бері осындай әдіске өттік. Ауылда су тапшылығы байқалады. Су жетіспегеннен кейін осындай әдісті пайдаланып отырмыз.

Кәсіпкер дақылын теріп  болғаннан кейін қарбыздың пәлегін шауып келесі кезеңге көшеде. Күзге дейін тағы өнім алады.Бақша өнімдеріне қажетті тыңайтқыштарда су арқылы беріледі. Оны жерге сепкенге қарағанда су арқылы сіңімді әрі үнемделеді. Дақыл тамыры кленканың астында болғандықтан қауын – қарбызды кетпендеп   шөбі аршылмайды.   Диханның өніміде сұранысқа ие бақша дақылдары.

Әмзебек Аманжолов – кәсіпкер

Дарбыздың үш түрін ектік. Коллер, каристан, атаман Ресейде сұранысқа ие. Олардың ерекшелігі онша ауыра бермейді. Тәтті.

Ордабасы ауданының  әкімі Нұрбол Тұрашбеков жердің тиімділігін арттыруды, ағын су мәселесінің шешілуін жіті бақылауына алып отыр. Себебі ордабасылық шаруалар жыл сайын су тапшылығын сезінеді. Осыған байланысты  түйткілді мәселелердің тарқатылуын ұдайы назарында ұстап келеді. Нәтижесінде аймақтағы  шаруалар озық технологияға көшіп, оның  игілігін көре бастаған.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...