ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

БІРЛІГІ БЕКЕМ ҚҰТ МЕКЕН

15:47, 7 қазан 2021

Ұлтаралық татулық ел келешегінің кепілі. Осы мақсатта ауыл аймақтарда да ауқымды шаруалар атқарылуда. Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №22 «Қ.А.Яссауи» атындағы жалпы орта мектебінде жиын болып өтті. Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл елді мекенінде орналасқан аталмыш білім ұясында қазақ, өзбек және тәжік ұлтының балалары білім алады.

Ешкімнің де ұлтына, тіліне қарап бөліп-жармай бауырына басқан тәуелсіз Қазақстан – құт мекен. Мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуы, экономикалық-әлеуметтік дамуымыздағы барша жетістіктеріміз халқымыздың мызғымас достығының жемісі. Сондықтан, елдегі бірлікті сақтау, дамыту, өскелең ұрпақтың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту өте маңызды.

Құрманбек Рысмаханов - Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы

Кездесу барысында оқушылармен сұқбаттастық. Қылмысқа бармау спортқа бетбұру жайлы айтылды. Бұл шара жалғасын табады.

Шара барысында аға буын өкілдері тарапынан түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті тұратын ауданның өткені мен бүгіні, ертеңі жайында да сөз қозғалды. Күн санап әлемдік аренада өзіндік орынын айқындай түскен мемлекетіміздің дамуында өскелең ұрпақтың сауатты, иманды болуының маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, құзырлы орган қызметкерлері тарапынан кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде болуларына тыйым салу жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналар анықталған жағдайда заң аясында тиісті шаралар көрілетіндігі ескертілді

Құрбан Сыздықов - №22 «Қ.А.Яссауи» атындағы жалпы орта мектебінің директоры

Әрбір оқушылардың тәрбие сағатында түсіндіреміз.  Бір-біріне деген тату тәті тұруы сабырлық туралы насихат жүргізіліп тұрады. Бұл елдімекенде басым тәжік өзбек қалғаны қазақ.

Әр ұлттың өз тілінде еш кедергісіз білім алып, тарихын танып білуіне кеңінен жағдайлар жасалған. Соның нәтижесі болар елімізде саяси тұрақтылық пен ынтымақтастық қамалы берік қаланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай кездесу жиындары алдағы уақытта барлық мектептерде, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында өтетін болады.

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...