ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!

17:44, 1 маусым 2021

"Біз бақытты баламыз!" 1 маусым - балаларды қорғау күніне орай Бәйдібек ауданында мерекелік шара болып өтті. Ағыбет ауылдық округіне қарасты "Айсана" бөбекжай балабақшасында ұйымдастырылған шарада бүлдіршіндер бар өнерін ортаға салды.

Елімізді жайлаған пандемияға байланысты бұл балабақша жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Бүгінде 40 баламен қайта іске қосылған бөбекжайдан 17 бала түлеп ұшып, мектеп табалдырығын аттағалы отыр. 10 педагог 18 қызметкерімен бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келе жатқан аталмыш мекеме карантиндік режимді сақтай отырып жұмыстарын жүргізіп келеді. 

Ақтолқын Рүстемова - "Айсана" бөбекжай балабақшасының директоры

Мерекелік кеште бүлдіршіндер алған тәрбиелерін дәлелдеді. Ән айтты, би беледі. Тақпақтарын мүдірместен орындап шықты. Ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Тәуелсіздіктің түлектері ретінде арнайы орындарға түрлі-түсті бояғыштармен еркіндік пен ерліктің, бостандық пен болашақтың символын білдіретін бәйтеректің, тудың және кеңбайтақ жеріміз бен әсем табиғатымыздың суреттерін салды.

Айкен Сәбитқызы – тәрбиеленуші

Сандуғаш Рысбекова – әдіскер

Балабақшада білім алған бала дегенмен де мектепке қабылданғанында өзіндік ерекшеліктері мен өзін еркін ұстауы, санасында білім алуға деген құштарлығы, көпшілік ортада белсенді болып өскендігі байқалып тұрады.

"Айсана" бөбекжай балабақшасына ата-аналар көп ықпал тигізіп отырады. Іс-шараларға демеушілік танытып, мекеме ішіндегі жиһаздар мен балалар ойнайтын ойыншықтар алуына да көмектерін аяған емес. Әрине, барлығы тек балалар үшін. Білімді де белсенді ұрпақ үшін.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...