ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БИЗНЕСТІ БИІККЕ КӨТЕРУДЕ СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

13:32, 6 мамыр 2021

Карантин кезінде елдегі кәсіпкерлердің ісі тұралады. Бірқатар бизнес обьектісі тоқтап, құрдымға кетті. Шағын және орта кәсіп иелерін қолдау үшін Үкімет қазынадан қыруар қаржы бөлген. Бірақ, барды ұқсата алмағандардың салдарынан салада сан түрлі қиындықтар орын алды. 70 млрд. теңге игерілмей, кері қайтарылды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.

Өнеркәсіпті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу. Инвестиция тарту және бизнесті мемлекеттік қолдау. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының негізгі бағыты осылар. Жиында сөз алған сала басшысы жыл бойы атқарған жұмысын жіліктеп жеткізді.

Береке Дүйсебеков – Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы

Мемлекет қаржысының бір тиынына дейін есептеулі. Ақшаны шашау шығармай, шағын және орта кәсіпті дамытуға бөліп беру ісінде бармақ басты көз қыстылыққа жол жоқ! Бүгінгі жиынның мақсаты да осы. Пандемияда қаржыдан қағылған кәсіпкерлерді демеу үшін 70 млрд. теңге бөлінген. Бірақ оны үлестіруде шикілік бар.

Береке Дүйсебеков – Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы

Құқығы тапталған тоғыз кәсіпкер «I-komek» бірыңғай байланыс орталығы арқылы арыз қалдырыпты. Олар 100% қанағаттандырылды. Шара барысында басқарма басшысына өз саласы бойынша қоғамдық кеңес тарапынан бірқатар ұсыныс пікірлер білдірілді.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданды. Алдағы уақытта ұсыныстардың орындалуы бақылауға алынатын болады.

 

Г. Қалмырзақызы                                  

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...