ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

БОЙЖЕТКЕНДІ ЗОРЛАУШЫЛАРДАН ҚҰТҚАРҒАН ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕР МАРАПАТТАЛДЫ

17:05, 23 ақпан 2021

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шымкентте бойжеткенді зорлаушылардан құтқарған Ұлттық ұлан жауынгері қатардағы Артем Калашниковты «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады. Ведомство басшысы атынан марапатты әскери қызметшіге Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Әмриев табыс етті.

Бұл марапаттың Артем Калашников үшін орны бөлек. Өйткені ол  жас қыздың өмірін қорғап қалды.  Қолбасшы  қысыл таяң кезеңде қайсарлық танытқан ұғланған алғысын білдіріп, жауынгердің жедел әрі батыл әрекеттерін өзгелерге үлгі етті.   Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы да Артемның ерлігін елеп, оны грамотамен марапаттады.

Талапкер Әмирев–Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы,  генерал-майор

Естеріңізге сала кетсек, оқиға ақпанның 13-і күні сағат 00.40 шамаларында Шымкент қаласында орын алған болатын. Үйіне келе жатқан Артем қатты айқайлап көмекке шақырған қыз баланың шыңғырған дауысын естіп, ойланбастан сол жаққа қарай ұмтылады. Еңгезердей екі ер адамның жас қызға күш көрсетіп, зорлауға әрекет жасап жатқанын байқаған жауынгер бірден олармен арпалыса кетеді. Бұзақылардың біреуін шетке лақтырып тастап, екіншісімен төбелесе жөнеледі. Жекпе-жек ұрыс тәсілдерін қолдана отырып, біреуін жерге құлатып, үстінен басып отырады, ал екіншісі сол мезетте оқиға орнынан қашып кетеді.

Артем Калашников – Әскери жасақ басшысы

Ұландық сарбаз тіпті қолының сынғанына қарамастан қаскөйді полиция қызметкерлері келгенше жібермей ұстап отырған. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Оқиға орынан қашып кеткен екінші  де құрақталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Ел аман жұрт тынышта бір адамның тағдырын құтқарып қалған ұғланға жұрттың алғыстан басқа айтары жоқ.

 

Ө.  Мырзабек

Тақырып бойынша материалдар

ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
18:54, 2 наурыз 2021
ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
14:59, 26 ақпан 2021
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ :  ҚАЗАҚ   ХАЛҚЫНА  МЫҢ  АЛҒЫС !
15:06, 26 ақпан 2021
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ : ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС !
Толығырақ...