ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ФАРИЗА ШОЛТАЙ ТУҒАН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

17:13, 3 маусым 2021

Жерлесіміз, былғары қолғап шебері Фариза Шолтай Азия чемпионатында жеңіс туын желбіреткені мәлім. 81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан спортшы қызымыз бүгін туған елге, шырайлы Шымқалаға оралды. Шахар тұрғындары жеңіс тұғырынан көрінген Фаризаны ыстық ықыласпен қарсы алды.

Финалда ақын жанды өжет қызымыз Фариза өзбекстандық Сохиба Рузметовамен кездесіп, оны ногдаунмен жеңіп шықты. Бұл қазақстандықтардың аталмыш турнирдегі сегізінші алтын жүлдесі. Дубай төрінде туымызды биікте желбіреткен жеңімпазды қарсы алуға арналған арнайы рәсім өтті.

Фариза Шолтай - бокстан Азия чемпионы

Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының су жаңа басшысы Бауыржан Тұманбаев чемпион қызға алғысын білдіріп, алдағы уақтта әлем чемпионатында осындай биіктен көрінуге тілектес екенін жеткізді.

Бауыржан Тұманбаев Шымкент қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы                                                     

Жиын барысында Фаризаның командалас әріптесі Жайна Шекербекова, Қазақстандық арулардың құрлық чемпионатындағы мықтылығын айтып өтті. Осылайша қыздарымыз Азиядағы мықты ел екендігін дәлелдеді. Барлық жеңімпаз қыздарды және бапкерлер мен бокс жанкүйерлерін жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырады деген үміттеміз.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...