ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

20:23, 15 қыркүйек 2021

Ақсукенттегі «Қайрат» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер арасында Түркістан облысының біріншілігі басталды. Былғары қолғап шеберлері бәсекесіне өңірімізден іріктелген 213 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайды.

Жарыстың ашылу салтанатына арнайы келген Сайрам аудандық мəслихатының депутаты, аудандық жекпе-жек клубының директоры Қадырбек Қуатбеков ашылуы барысында сөз сөйлеп, жас спортшыларға сəттілік тіледі. Еске сала кетсек, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қадырбек Қуатбеков бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың алғашқы жаттықтырушысы. Ал, жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Түркістан облысының №5-ші балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің директоры Сейтжан Жанысбаев бұл сайыстың маңызды екендігін жеткізді.

СЕЙТЖАН ЖАНЫСБАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ №5 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Шаршы алаңға шыққан жасөспірім боксшылар жарысқа жоғары дайындықтарымен келіп, бас жүлде үшін күш сынасуда. Алғаш болып рингке көтерілген 44 келідегі боксшылар арасында Созақ ауданының спортшысы Жақсылық Елубай алғашқы кездесуінде жеңіске жетіп, өзінің дайындығымен бөлісті.

ЖАҚСЫЛЫҚ ЕЛУБАЙ - БОКСШЫ

Облыс біріншілігіне арнайы келген бокстан Түркістан облысының жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушысы Талғат Әліпбеков бұл іріктеу жарысының негізгі мақсатына тоқталды.

ТАЛҒАТ ӘЛІПБЕКОВ – БОСКТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Айта кетерлігі, осы сайыстың жеңімпаздары қазан айының 12-17 аралығында Орал қаласында өтетін Қазақстан аймақтық жарысына қатысатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...