ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

«БОРЫШТАН» ЖАЛТАРУ – БӨРІКТІГЕ СЫН

11:35, 17 қаңтар 2022

Әскер – ер-азамат үшін өмір мектебі. Алайда әр тәуліктің әр сағаты күні бұрын жоспарланатын нарық заманында көпшілік бұл пікірді аса қуаттай қоймайды. Әсіресе жастар. Тепсе темір үзетін жігіттердің дені жердің шетінде, желдің өтінде Отанға адал қызмет етудің орнына әскерге бармаудың түрлі жолын қарастырып жатады. Оған не себеп?

Ел президенті Үкімет отырысында баса назар аударуды қажет ететін тағы бір мәселеге тоқталды.Ол көптеген жас азаматымыз Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашатынын атап өтті.Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды. Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу – айрықша миссия. Бұл – Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы. Жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек деді,-Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серікбай Оңбаев –ҚР қарулы күштері ардагерлері кеңесінің  Шымкент қалалық филиалының төрағасы Президентіміздің көтеріп отырған мәселесі өте дұрыс. Біз болашақты жастардың қолына қалдырамыз. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды. Кеше ғана басымыздан өткен қайғылы оқиға осы сөздің терең мағынаға ие екендігіне көз жеткіздік. Халық арасында дүрбелең туғызғаннан кім ұтты? Кім ұтылды?

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментімен жылына 1500ден астам жас азаматтар мерзімді әскери қызметке шақыртылады.Отан алдындағы қастерлі борышты өтеудің маңыздылығын ес білгеннен сезіндіру нәтижелі болмақ. Ата-ана ұлына елді қорғауға бала күнінен баулыса, әскерге барудан жалтармас еді, – дейді Тәжік-ауған соғысының ардагері Жансейіт Аманқұлов.

Жансейіт Аманқұлов – Тәжік-ауған соғысының ардагері Отан алдындағы қастерлі борышты өтеудің маңыздылығын ес білгеннен сезіндіру нәтижелі болмақ. Ата-ана ұлына елді қорғауға бала күнінен баулыса, әскерге барудан жалтармас еді.

Бұрынғы әскерде біз 2 жыл болғанбыз. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін мерзім 1жылға қысқартылды. Жастардың неге әскерден қашатынын түсінбеймін. Тамағы тоқ, киімдері бүтін, отбасыларымен де қалаған уақытта хабарласа алады. Әрбір жас азамат патриоттық сезімін оятып, отан алдындағы борышын өтеуге міндетті дейді,- Мәжит Жүсіпбаев.

Мәжит Жүсіпбаев – 6506 әскери бөлімі Aрдагерлер кеңесінің төрағасы  Бұрынғы әскерде біз 2жыл болғанбыз. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін мерзім 1жылға қысқартылды. Жастардың неге әскерден қашатынын түсінбеймін. Тамағы тоқ, киімдері бүтін, отбасыларымен де қалаған уақытта хабарласа алады. Әрбір жас азамат патриоттық сезімін оятып, отан алдындағы борышын өтеуге міндетті.

18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер әскери борышын міндетті түрде өтеуі керек. Әйтсе де, бізде әскерге шақырту алса да, оған немқұрайды қарайтындар көп. Мәселен, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сай әскерге шақырту қағазы қолына тиген азамат межелі мерзімде қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бармаса, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Ал әскери борышын өтеуден қасқана қашқандар Қылмыстық кодекс негізінде жазаланады.

 

НазкенСкандар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
14:18, 23 маусым 2022
ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...