ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«БОЗАРЫҚ» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ЖАҚЫН КҮНДЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

14:36, 11 маусым 2021

Еліміздегі үшінші мегаполистің энергетика саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Солардың бірі 160 МВт 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы. Құрылысы аяқталуға жақын қалған нысан пайдалануға берілсе, қаланың солтүстік бөлігі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі деген үміт бар.

Бозарық қосалқы станциясының құрылысы 2016-2021 жылдар аралығына жоспарланған. Жобанның жалпы құны -7,9 млрд теңгені құрайды. Бүгінде мұндағы жұмыстар толығымен аяқталған. Тек станцияны іске қосатын маманды күтіп отырмыз, дейді құрылысқа жауапты мердігер мекеме басшысы.

Олег Хегай -  «Аврора Констракшэн» ЖШС директоры

Бозарық қосалқы станциясы іске қосылса қаланың солтүстік бөлігі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Атап айтар болсақ, олар Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити мен Достық, Нұрсәт шағынаудандары,  бас-аяғы 10 елді мекенге сапалы жарық жеткізілмек. Нәтижесінде, 250 мыңға жуық абонент қамтылады деп көзделген.

Боранбай Булатбеков - Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық  шаруашылық басқарамсының басшысы

Қазіргі таңда қаланы сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 3 қосалқы станцияның құрылысы қатар жүргізілуде. Олар Бозарық, Ақжар, 1-М-1 станциялары. Егер, үш бірдей нысандағы құрылыс аяқталып, жарық жүйелері тартылып жатқан елдімекендердегі жұмыс тәмәмдалатын болса, миллионды қаланы қуат көзіне қосу көрсеткіші 95 пайыздан 97 пайызға өспек.

 

Г. Асқарқызы                                      

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар