
Бүгіннен бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскері елден шығарыла бастады. Он тоғызыншы қаңтарға дейін бітімгерлердің барлығы толықтай отандарына оралады. Ұйымға мүше елдердің сарбаздары тек стратегиялық маңызды нысандарды күзетуге келген. Олар жылу электр стансасы, әуежай, әлеуметтік азық-түлік өндіретін мекемелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Осылайша отандық күш құрылымдарына артқы шепке алаңдамай бұзақылармен күресуге мүмкіндік жасады. Жалпы Қазақстанға 5 елден 2 мыңнан аса әскери, жүздеген арнайы техника келген болатын. Бітімгерлердің көпшілігі стратегиялық нысандардың күзетін қазақстанның күш құрылымдарына өткізді. Бүгін ресейден келген әскерилері өз еліне кетсе, ертең, Қырғызстаннан келген бітімгерлері өз еліне қайтады.