ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

БҮГІН –ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

17:02, 10 қаңтар 2022

10 қаңтар Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күті деп жарияланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсірілді. Бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі.

Шымкентте мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары ғимараттарындағы көк туымыз төмен түсірілді.Шахардағы жағдай жергілікті тәртіп сақшылары мен күштік құрылымдардың толық бақылауында. Мегаполистегі жағдай тұрақты. Қаладағы өртеңген ғимараттар мен бүлінген мүліктерді  қалыпқа келтіру бағытында Бас комендант пен Қала әкімі басшылығы тарапынан жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Елімізде осымен 11 рет туымыз төмен түсті. Алғаш рет 2006 жылы Қарағанды шахтасында 41 кеншінің қазасына байланысты қаралы күні жарияланған болатын. Ал, бұған дейін өткен жылы 13 шілдеде жалпыұлттық аза тұту күні қауіпті кеселден қайтыс болған отандастарымыздың отбасыларына қайғыра көңіл айтқан едік. Араға алты ай салып қаралы күнді қайта белгілеп отырмыз.

 

Авт. Ернұр.                          

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...